Ресей түрмелерінен жиналған қылмыскерлер отряды басқыншылар қолындағы Донецк облысында әскери дайындықтан өтіп жатыр. Бұл туралы Украина бас штабы мәлімдеді.
«Торез қаласы маңындағы полигонда оқу-жаттығу лагері пайда болды, онда Ресей түрмелерінде бас бостандығынан айырылғандардан жасақталған жеке құрам дайындықтан өтіп жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін ресей түрмелерінде сотталғандарды тізіп қойып, Украинадағы соғысқа қатысуға үгіттеп жатқан адамдардың видеосы тараған болатын. Онда соғысқа қатысатындардың жазасы кешірілетіні айтылған еді.