Ресейдің Украинаға шабуылы басталғалы бері осы елдің әуе қорғанысы ресейлік 55-ке жуық әскери ұшақты атып түсірген. Бұл туралы АҚШ әуе күштерінің қолбасшысы Джеймс Хекер мәлімдеді, деп жазды Azattyq Ruhy.
Генерал Хекер Вашингтонда өткен авиация, ғарыш және киберқауіпсіздік конференциясында Ресей Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын жақсы білетнін атап өтті. Соған қарамастан, Ресей тарапынан жасалаған шабуылдар бұл қорғаныс құралдарын, соның ішінде жер-әуе зымырандарын жоя алмады деді ол.
Соның нәтижесінде, алты айға созылып жатқан соғыста ресейлік ұшақтар Украина аумағына сирек ұша бастады, оның орнына алыс қашықтықтағы зымырандар қолданылады.
«Ресейдің 55-ке жуық ұшағын Украинаның әуе шабуылына қарсы және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері атып түсірді», – деді генерал Хекер.
Сондай-ақ Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі де соғыс басталғалы бері Ресей 55-ке жуық әскери ұшақтан, оның ішінде төрт ұшақтан соңғы 10 күнде айырылғанын мәлімдеді.
Майдан жылдам өзгеріп жатқандықтан, кей ресейлік ұшқыштар шатасып әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына ұшып кетуі мүмкін дейді Қорғаныс министрлігі.
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024
-
19.11.2024