Берлинде өтіп жатқан әдебиет фестивалінде көпшілік алдында сөз сөйлеген ресейлік танымал жазушы Борис Акунин Ресей жұрты ертеме, кешпе революция жасап, путинді қуып шығатынын айтты.
Сонымен қатар ол батыстық саясаткерлерді қарапайым рейліктерден теріс айналмауға шақырып, олардың жазығы жоқ деген ойын білдірді.
Оның айтуынша, Ресей елінің басты қателігі орталықтандырылған империализммен улануы, мұндай алып ел үнемі зорлық-зомбылықтың арқасында ғана сақталып келген.
«Тарихқа көз жүгіртсек зорлық көрсету жүйесі бәсеңдегенде мемлекет ыдырай бастайды», – дейді жазушы.
Сонымен қатар ол Ресейдің қазіргі режимінен құтылудың жалғыз жолы – революция екенін айтты. Оны сол елдің халқы ғана іске асыра алады. Алайда, қарапайым ресейліктерге салынған санкция Путин режимін құлатқаннан гөрі оны нығайта түседі.
«Батыс ресейліктерден оқшауланбай, керісінше оларды Путиннен оқшаулауы керек. Иә, қазір Ресейде революциялық көңіл-күй жоқ. Бірақ революция болатыны сөзсіз. Мәселе, оның қай кезде болатынында және оған дейін қаншама тағдыр ойран болу керек», – деді жазушы.