arasha.kz

Ресейде мобилизацияға қарсы шыққан мыңнан астам адам ұсталды

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин елде ішінара әскерге жұмылдыру басталатыны туралы жарлыққа қол қойған соң, халық жаппай ереуілге шықты, деп жазды Azattyq Ruhy.

ВВС агенттігінің жазуынша, 22 қыркүйекте түнгі сағат 01.30-дағы мәліметке сай, Ресейдің 38 қаласында ереуілге шыққан 1400-ден астам адамды полиция ұстап әкеткен.

Қазір түрмеде отырған оппозиционер Алексей Навальныйдың жақтастары мен соғысқа қарсы көзқарас танытқан қозғалыстардың өкілдері жаппай жұмылдыруға наразылық танытып, елді ереуілге шақырған. Соғысқа қарсы өткен бұған дейінгі митингтерге қарағанда, бұл жолғы жаппай наразылық акцияларына адам әлдеқайда аз қатысқан, соған қарамастан, полиция оларды аямай қолға түсіре бастаған.

Ел астанасы Мәскеудің прокуратурасы жаппай наразылық акциясына қатысу заңға қайшы әрекет екенін ескертіп, алаңға шығуға үгіттегендер мен шыққан азаматтар 15 тәулікке дейін қамалатынын мәлім еткен.

Exit mobile version