28-04-23 |
1700 рет қаралған
Ресейде небәрі төрт күнде миллион пайдаланушыны жинаған Kandinsky 2.1 нейро желісі құрылды.
Ресейде небәрі  төрт күнде миллион пайдаланушыны жинаған Kandinsky 2.1 нейро желісі құрылды

Сбербанк жақында Kandinsky 2.1 графикалық желісінің жаңа нұсқасын әзірлеп, іске қосты. Жаңа нейро желіні Сбер банктің Sber AI жаңа бөлімшесі Siri жасанды интеллект институтының ғалымдарымен бірлесіп әзірледі. Жоба Sber AI және Sberdevices біріккен деректер жинағында жасалды. Жоба іске қосылғанынан 7 күн ішінде «жаңа генеративті модельдің аудиториясы 2 миллион пайдаланушыдан асып түсті, ал генерациялар саны 15 млн суретке жетті».

Kandinsky 2.1 моделі – Kandinsky 2.0 моделінің жаңартылған нұсқасы. Платформа қысқа ғана мерзімде мәтіндік сұрауға сәйкес жоғары сападағы суреттерді жасай алады. «Сбердің» жаңа моделі суреттерді алмастырып, мәтіндік сипаттамасы бойынша өзгерте алады, суреттерді түпнұсқадан көшіріп, оның қажетті элементтерін салып, аяқтай алады. Сонымен қатар шегі жоқ кенеп (inpainting/outpainting) режимінде суреттерді қалыптастыра алады.
Мұндай сервисті телеграм бот арқылы, модель сайтында және Fusion Brain веб-порталында тегін қолдануға болады. Топтамадағы көпфункциялы модель қарапайым, деректерді өңдеудің жоғары жылдамдығына ие.

Қазір моделдің қолданыс аясы шектеулі: көп жағдайда әзірлемені дизайнерлер мен иллюстраторлар қосымша платформа ретінде қолдана алады. Сонымен қатар, қоғамның қарқынды дамып келе жатқан цифрлық трансформациясы жасанды интеллекті неғұрлым кеңірек пайдалануға мүмкіндік береді. Kandinsky 2.1 бизнес-процестерді оңтайландыруға және компаниялардың ресурстарын орнықты бөлуге қабілетті. Мысалы, кез-келген компанияның маркетинг бөлімдері платформаны жаңа клиенттерді тарту немесе байырғы клиенттердің легін сақтау үшін қайталанбас өнімдерді жасауға қолдана алады.
Kandinsky 2.1 моделі – ресейлік Сбербанктің бәсекелес және кейбір аспектілері бойынша Chatgpt немесе Midjourney сияқты танымал нейрондық желілерден асып түсетін инновациялық шешімі.

Шетелдік әзірлеушілер Kandinsky 2.1 жобасын бағалап, оны GitHub нұсқасы бойынша әлемдегі ең танымал 5 репозиторий қатарына қосты.
Сервистің сөзсіз артықшылығы – оның қол жетімділігі және сұрау бойынша 101 тілді білуі, соның ішінде орыс және ағылшын тілдерін түсіну мүмкіндігі. Ресейде құрылған нейрожелі орыс тілді пайдаланушылардың мәдени ерекшеліктерін жақсы түсінеді, сондықтан жобаның аймақ ауқымында дамуда жоғары әлеуетке ие. Сонымен қатар, жобаның Ресейде әзірленуі ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда технологиялардың дамуын ынталандырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.