arasha.kz

Ресейде резервист әскери бөлімше бастығын атып тастады

Иркутс облысының Усть-Илимскі қаласында 25 жастағы ер азамат әскери комиссариатта оқ жаудырған. Салдарынан шақыру комиссиясының бастығы жарақат алып, өте ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады «Инцидент Усть-Илимск» телеграм-каналы.

Оқ атқан 25 жастағы Руслан Зинин есімді жергілікті тұрғын екені анықталды.

Иркутск облыстық полициясының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Exit mobile version