Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Ресейден Қазақстанның мемлекеттілігін құрметтеуді талап етті.
«Ресей СІМ-нің ресми өкілдері Қазақстан елшісіне қарата айтқан сөздері дұрыс емес және екі елдің қарым-қатынасына сәйкес келмейді. Қазақстан Ресей өкілдерінің және жалпы мемлекетінің ұстанымына құрметпен қарайды. Дәл сол сияқты Ресейде біздің елге және сондағы өкілетті елшімізге сондай құрметпен қарауы керек. Білуімше, бүгін Қазақстан СІМ-і соған сәйкес тиісті мәлімдеме жасады, ол бүгін тарап кетті. Жалпы, мұндай мәселе Ресей мен Украина арасында болып жатқан соғысқа байланысты екенін түсінеміз, бірақ Қазақстан ешкіммен соғысып жатқан жоқ, сондықтан біз өз өкілдерімізді құрметтеуді, мемлекеттігімізді құрметтеуді талап етеміз», – деді Перуашев бүгін мәжілістің кулуарында.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024