25-11-22 |
1040 рет қаралған
Ресейлік ФСБ өлтірген «украин диверсанттары» страйкболистер болып шықты.
Ресейлік ФСБ өлтірген «украин диверсанттары» страйкболистер болып шықты

ФСБ қызметкерлері Воронежде өлтірген «украиналық диверсанттардың» Украинадағы «ұлттық қозғалыстарға» қатысы жоқ деп жазды The Moscow Times басылымы зерттеуінде.

Басылым тілшілері ФСБ өлтірген екі адам мүше болған Воронеждегі страйкбол (әскери-тактикалық ойын) қауымдастығы өкілдерімен сөйлескен. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғын Владимир Котовский – «қарапайым еңбекқор» және «Алексей Навальный жақтасы», қауымдастықта Сталкер Фосген деген лақап атпен белгілі адам анахристік идеология ұстанған, деп жазды Азаттық радиосы.

Ақпаратқа қарағанда, өлтірілген адамнан жасыл бөрінің басы бар эмблемалы ту табылған, онда «Воля» деген жазу да болған. «Россия-1» телеарнасы аталған оқиға жайлы сюжетінде бұл туды «әсіреоңшыл Воля ұлттық партиясының туы» деп көрсеткен еді. The Moscow Times зерттеушілері бұл шын мәнінде «S.T.A.L.K.E.R.» видеоойынындағы «Свобода» тобының эмблемасы екенін анықтады.

23 қарашада Ресей ФСБ арнайы қызмет өкілдерінің «Воронеж облысындағы әскери және энергетика нысандарында диверсия талпынысының» жолын кескенін хабарлаған. ФСБ мәліметінше, диверсияны «украиналық ұлттық идеология жақтастарының конспирацияға ұшыраған топ мүшелері» әзірлеген-мыс. Воронеж маңындағы ұстау кезінде топтың «басшысы мен оның екі сыбайласы» өлтірілген, ФСБ айтуынша, олар «қарулы қарсылық» көрсеткен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.