Біз
әлеуметтік
желіде
02-07-25 |
580 рет қаралған
Ресейлік кәсіпкер санкциядан босатылды: АҚШ салады, Трамп алып тастай ма?.
Ресейлік кәсіпкер санкциядан босатылды: АҚШ салады, Трамп алып тастай ма?

Ресейлік кәсіпкер, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) экс-президенті Кирсан Илюмжинов өзіне қатысты санкциялардың АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты.

Илюмжиновтың айтуынша, ол АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне 2015 жылы Сирия режимімен байланысты деген күдікпен енгізілген болатын. Алайда кәсіпкер бұл айыптаулармен келіспейтінін бірнеше мәрте мәлімдеген еді.

«Менің ақталғаным Трамптың президенттік кезеңінде жүзеге асты. Санкцияның тоқтатылуы – әділеттің орнауы», – деді Илюмжинов.

АҚШ билігі бұл мәлімдемеге қатысты ресми түсініктеме бермеді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.