10-09-19 |
1810 рет қаралған
Риелторлар Одағы елде алаяқ риелторлардың жолын кесудің жолын ұсынды.
Риелторлар Одағы елде алаяқ риелторлардың жолын кесудің жолын ұсынды

Қазақстанда сертификаттау мен аттестаттаудан өткен риелторлардың базасын құруды үкіметке Қазақстанның Біріккен Риелторлар Одағы ұсынды. Бұл базаға аранайы оқудан өткен, сәйкес категориясы бар мамандар кіруі керек.  Бұл туралы «Крыша» сайты Одақтың президенті Лариса Степаненконың сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

— Лицензиялаудан гөрі осындай база дұрыс. Өкінішке қарай лицензияны оңай қолдан жасап алуға болады. Ондай жағдайда жалған риелторларға тұтынушы ешқандай талап қоя алмайды, себебі олар әдетте келісімшарт жасаспайды. Ал егер электронды тіркеме болса, онда арнайы білім алған, заңды мамандарды түтынушы көре алады. Сөйтіп, алаяқтардың жолы кесілер еді, — деді Степаненко.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.