ҚР Сыртқы Істер министрлігі қазақстандық дипломаттың әкесі Германияда коронавирус жұқтырғанын растады деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Германиядағы Қазақстан елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасы қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері анықталған. Ол ауруханаға жатқызылды. Қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді, жеке палатадан ортақ палатаға ауыстырылды. Жұбайы мен ұлы карантинде неміс дәрігерлерінің бақылауында», – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Бірақ министрлік нақты қай дипломаттің әкесінен коронавирус табылғаны туралы ақпарат бермеді.
Еске салсайық, бүгін Денсаудық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға Германиядан келген екі азамат және Италиядан келген бір азаматтан коронавирус табылғаны туралы айтқан.