14-03-23 |
1770 рет қаралған
Сайлау науқаны салық төлеушілерге қанша шығын әкеледі.
Сайлау науқаны салық төлеушілерге қанша шығын әкеледі

Сайлау – қашанда қомақты қаражатпен жүзеге асатын процесс. Биыл сайлау науқаны салық төлеушілерге 33,4 млрд теңге шығын әкеледі. Мұндай сома 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке салынды.

Бұл қаражаттың бір бөлігі Орталық сайлау комиссиясының үлесіне тиесілі. ОСК ақшаны қайда жұмсайтынын Мемлекеттік сатып алу сайты бойынша бағалауға болады. Олардың ең үлкен шығыстарының бірі – аумақтық сайлау комиссиялары жұмысына жұмсау. Осы жылдың қаңтар айында бұл мақсаттарға алдымен 6 млрд теңге, содан кейін тағы 1,378 млрд теңге бағытталды.

Қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы қызметкерлерді оқытуға барлығы 122 млн теңге бөлді.
Бірақ бұл шығын «ақпараттық жүйені сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметтері» тармағымен салыстырғанда ұсақ-түйек. Қаңтарда бұл мақстақа 382,5 млн теңге жұмсалды. Оның 137 млн теңгесі «ҚР ОСК ақпараттық жүйелерін пайдалануға» тиесілі. Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуға 122,5 млн теңге жұмсалды. ҚР ОСК ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін әкімшілендіру, сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер 86,875 млн теңгеге бағаланды. ҚР ОСК Ахуалдық орталығы үшін ақпараттық-талдау жүйесін ретте ұстауға 30,5 млн теңгеге жуық қаражат жұмсады.

Сонымен қатар, ОСК-ның аумақтық сайлау комиссияларының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оқытуға жұмсаған миллиондаған шығыны көп нәтиже бермейді. Мұны бақылаушылардың мәлімдемелері бойынша бағалауға болады. Мысалы, «Ел Дауысы» ҚҚ Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіровке дауыс беру күні бірнеше сайлау учаскесіне баруға шақырды. Осылайша, қоғам белсенділері оның назарын учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, соның ішінде бақылаушыларға қатысты заң бұзушылықтарға аударуға тырысты.

«Өкінішке қарай, біз барлық сайлау комиссиясы үгіт-насихат ақпаратын толық білмейтінін айтуға мәжбүрміз. Учаскелк сайлау комиссияларының қызметкерлері сайлау ерекшеліктерін түсіндіре алмау, сайлау учаскелерінің нақты шекараларын білмеу, заңнама ережелерін түсіндіру кезінде қателіктер жіберу жағдайларына тап болады», – деп санайды «Ел Дауысы» ҚҚ басшысы Аида Джексенова.

Айта кету керек, «Ел Дауысы» қоғамдық қорының тәжірибесі бар. Қор олар 2021 жылғы парламенттік сайлау кезінде де өзін белсенді ұйым ретінде көрсетті. Қор сонымен қатар қоғам белсенділерін бақылау жүргізуге оқытты. Содан кейін олар ауыл әкімдерін сайлау, референдум және соңғы президенттік сайлауды бақылады.

Қазақстандықтарды ресми ресурстарда ақпараттандыру жағдайы да мүшкіл. «Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары әкімдіктердің сайттарын тексерді. Бұл сайттар сайлау науқанына қатысты барлық ақпаратты жариялауға міндетті. Тексеру жүргізгенде кемшіліктер көп екені анықталған.
Өкінішке қарай, биыл Астана әкімдігіне сайлау туралы ақпаратты дұрыс жарияламағаны үшін айыппұл салынды. «Әдістемелік материалдар» қойындысында ақпарат мүлде жоқ.

Шымкент әкімдігінің сайтында бақылаушылар үшін ақпарат болмады. «АСК» шешімдері» және «ОСК шешімдері» бөлімдері бос. Сайтты әзірлеушілер қойынды жасағанымен, қалалардың АСК («мәслихат депутаттарын сайлау-2023» және одан әрі «қалалық мәслихаттың сайлау округтері» қойындысында) интернет-парақшаларына сілтемелер жоқ. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін ақпарат жоқ. Сайлауға арналған беттегі «құжаттар», «жаңалықтар» және «пайдалы материалдар» бөлімдеріндегі ақпарат – ескірген, 2021-2022 жж.

Сегіз (!) облыстың: Ақмола, Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстардың әкімдері ерекшеленді. Олардың сайтының басты бетінде «Сайлау-2023» айдары мүлдем жоқ. Сайлау науқаны туралы ақпарат ағымдағы жаңалықтар мен құжаттардың ортасында қалып қойған. Сайлау туралы пайдалы нәрсе табу іс жүзінде мүмкін емес.

Ақтөбе облысының сайтында «мүгедектігі бар адамдар үшін (әдістеме, НҚА және т.б.)» қосымша бетіндегі құжаттарға қандай да бір себептермен дауыс беру күні туралы ОСК ролигі енгізілді.
Ұлытау облысында әлі де 2022 жылда өмір сүріп жатыр – сайттағы сайлаудың күнтізбелік жоспары былтырғы жыл, ал осы сайлау науқанының қойындысы бос. Бақылаушылар үшін ақпарат жоқ, кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі жазылмаған.

Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай бір деңгейде. Облыстық әкімдік сайтындағы көптеген қойынды аппақ тазалығымен көзді қуантады. Мысалы, БҚО әкімдігінің сайтында «әдістемелік материалдар», «кандидаттарға», «ұсыну қорытындылары бойынша сайлау комиссиясына ұсынылатын құжаттар тізбесі», «ОСК шешімдері» қойындылары бос тұр.
Маңғыстау облысының әкімдігі көптеген қойынды жасаған. Бірақ мемлекеттік орган қызметкерлерінің құлшынысы осымен аяқталды. Қойындыларда ешқандай ақпарат жоқ.

«Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары әкімдіктерінің сайты дұрыс толтырылған. Мұнда барлық қажетті ақпаратты табуға болады», – деп атап өтті Аида Джексенова.

Осыны ескере отырып, сайлауды ұйымдастыруға қатысты көптеген сұрақ туындайды. Өйткені, жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі сайлаушылардың дауыс беруге келуіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Сондықтан аумақтық сайлау комиссияларына бөлінген қомақты қаражат көмектеспейді.

«Сонымен қатар, қазір бұзушылықтар орын алады деп болжауға болады. Бұл кандидаттар мен олардың үгіт-насихат штабтарының ақпаратты ілу жағдайы айқын көрсетеді. Стендтерде орын жетіспеді, стендтердің өздері де жоқ. Дәл осындай оқиға, мүмкін, дауыс беру күні сайлау учаскелерінде де болады. Барлық бақылаушы мен сенімді адамдарға орын жеткіліксіз. Сонымен, өткен сайлау тәжірибесі бойынша, демалыс күндері тағы да белгілі бір қарсылыққа тап боламыз деп ойлаймын», – деп қорытындылады Аида Джексенова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.