arasha.kz

Сайлау учаскесіндегі байқаушыларға тап берген жігіт дене шынықтыру пәнінінің мұғалімі болып шықты

Алматыдағы №200 мектепте сайлауға «бақылаушы» ретінде тартылып, Мәжіліс депутаттығына кандидаттың сенімді адамына шабуыл жасаған арандатушы осы білім мекемесінің дене шынықтыру сабағының мұғалімі болып шықты.

«Төбелес шығарып жүрген бұл жігіт дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол жоғары сыныптарға сабақ береді», – дейді Ақжар шағын ауданының тұрғыны.

Кеше әлеуметтік желіде сайлау учаскесінде дауысты санау кезінде байқаушыларға тап беріп, жан-жал шығарған жас жігіт бейнеленген виде тараған еді. Ол дауысты санап жатқандарды видеоға түсіріп тұрған байқаушыларды балағаттап, қолдарындағы телефондарын жұлып алып, өздерін соққыға алмақшы болады. Алайда, сол жердегі күзет пен сайлау учаскесінің өкілдері оған қатысты ешқандай шара қолданбайды.

Exit mobile version