arasha.kz

Сайлауды кімдер бақылайды

Әлеуметтік желілерде үгіт-насихат стендтеріндегі басқа фотосуреттердің пайда болғаны қазақстандықтардың назарын аударды.

Әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментінде «біз бәрін бақылап отырмыз» ұранымен парақтар Қазақстанның ірі қалаларында үгіт-насихат стендтеріне жапсырылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл парақтар Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың плакаттарымен қатар тұрады. Қызғылт сары парақтар көптің назарын аударды, кейбір интернет пайдаланушы бұл әлдебір саяси қозғалыстың жұмысы деген пікір айтуда. Алайда бұл парақтардың авторы – «Ел Дауысы» қоғамдық қорының белсенділері. Қордың белсенділері алдағы сайлауда бақылау жүргізетін болады.

«Ел Дауысы» қоры алғаш рет 2021 жылғы өткен парламенттік сайлауда жұмысын бастады. Қордың өкілдері еліміздің ірі қалаларында бақылаушы болды. Қор бақылауды жүргізу үшін жергілікті қоғамдастық белсенділерін оқытты, содан кейін олар ауыл әкімдерінің сайлауын, референдум және соңғы президенттік сайлауды қадағалады.

2022 жылғы президенттік сайлауда барлық 17 облыс орталығында және республикалық маңызы бар үш қалада 1 243 ерікті сайлау учаскелеріне шықты. Қордың басшысы Аида Джексенова қараша айында «қорқытуға, сайлауға қатысуға кіргізбеуге» тырысқан әлде біреулердің белсенділерге қысым көрсеткенін мәлімдеді. Алайда «Ел Дауысы» қорының өкілдері өз жұмысын жалғастырып, учаскелерде бақылаушы болды.

Сонымен қатар, сайлау алдында Қор Астанада тәуелсіз бақылаушыларды қолдау мақсатында автошеру ұйымдастырды. Қоғамдық қор белсенділері «біз бәрін бақылап отырмыз» деген жалаушалары мен плакаттар ілінген көліктермен көшелермен жүріп өтті, ал елорда жүргізушілері Қордың осы бастамасын қолдады.

Бұл ретте «Ел Дауысы» белсенділері әкімдіктердің жұмысын бақылау нәтижелерін хабарлаған болатын. Сол кезде барлық дерлік жергілікті атқарушы орган ресми сайттарында алдағы сайлау туралы толық ақпаратты жарияламаған еді, бұзушылықтар анықталды.

Осы жылдан бастап 22 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы «Ел Дауысы» қоғамдық қорын аккредиттеуден өктізді. Енді олар Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына сайлауға бақылау жүргізуге дайын екенің мәлімдеді. Осыдан кейін белсенділер өз жұмыстарын жариялап, бүкіл ел ауқымында плакаттарын орналастырды.

«Біздің мақсат – алдағы сайлаудың ашық және әділ өтуін қамтамасыз ету. Біз үгіт-насихат жүргізбейміз, ешкімге қарсы емеспіз, басты мақсат – ашық және адал сайлау процесіне қол жеткізу», – деп түсіндірді «Ел Дауысы» қорының мүшелері.

Өңірлік штабтар ірі мегаполистер – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Павлодар, Орал және Қонаев сияқты облыс орталықтарында ашылды. 19 наурызда әр аймақтағы ондаған бақылаушы – барлығы жүздеген белсенді дауыс берудің ашықтығы мен қорытындылаудың адалдығын бақылау үшін сайлау учаскелеріне шығады.

«Ел Дауысы» қоры бақылаушыларға арналған тренингтер жүргізуді жалғастырып жатыр. Қор басшысы Аида Джексенова 26 ақпанда қор өкілдері Көкшетау мен Петропавлға барып, онда оқу тренингтерін өткізіп, белсенділерді оқыту кестесін белгілегенін хабарлады. Сондай-ақ, команда 41 сайлау учаскесіне барды.

Осындай ерікті жұмыс елімізге әділ қоғам мен бүкіл Қазақстан үшін жарқын болашақты құруға көмектеседі, деп сенемін «Ел Дауысы» мүшелері. Қор өкілдері командаға бақылаушы болғысы келетіндерді қабылдауға ашық екенін атап өтті. Демек, әркім Қазақстан Республикасында әділ сайлау өткізуге өз үлесін қоса алады.

Exit mobile version