17-04-23 |
2770 рет қаралған
Сара Алпысқызы Назарбаевтың тегінен бас тартты.
Сара Алпысқызы Назарбаевтың тегінен бас тартты

Назарбаевтың жұбайы көптен бері көпшілік алдына шықпайтын болды. Ресми шаралар мен дауыс беру кезінде де көрінбеді. «Shishkin_like» телеграм-каналының жазуынша, Сара Алпысқызының Назарбаев тегінен кеткеніне де көп болған.

Дереккөздің жазуынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның некесінің бұзылғаны туралы ресми ақпарат ешқашан болмаған, Нұрсұлтан Назарбаев қорының ресми сайты мен тұңғыш президенттің ресми сайтында Сара Алпысқызы бұрынғыдай бірінші президенттің әйелі.

Бұрынғы президенттің әйелінің атында «Назарбаева Сара Алпысовна» ЖК тіркелген, ал оның басшысы ретінде Қонақай Сара Алпысқызы деп көрсетілген.

Сара Алпысқызы 2005-2012 жылдар аралығында тегін өзгерткен деген болжам бар.
2005 жылы ол әлі де Назарбаев тегінде болды, өйткені күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарған «Almex Holding Group» АҚ-ның 2005 жылғы 19 қыркүйектегі еншілес ұйымдарының тізімінде Назарбаевтың атымен тіркелген.

Айта кетсек, оның Нұрсұлтан Назарбаевпен некедегі үш баласы бар: 59 жастағы Дариға, 43 жастағы Әлия Назарбаева және 55 жастағы Динара Күлібаева.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.