16-10-22 |
1550 рет қаралған
Сепаратизм бойынша айыпталған БҚО тұрғыны елден қашып кетті.
Сепаратизм бойынша айыпталған БҚО тұрғыны елден қашып кетті

Орал, Петропавл мен Павлолар қаласын Ресейге беру керек деген Батыс Қазақстан облысы Федоровка ауылының тұрғыны Максим Яровченко елден қашып кетті.

«ҚР ҰҚК БҚО бойынша шекара қызметінің департаменті Максим Яровченконың 21 қыркүйекте мемлекеттік шекараның «Сырым» өткізу бекеті арқылы Орал-Самара бағытына кеткенін анықтады», – деді сот барысында судья Найля Жүнісова.

Осылайша ол Яковченконың сотқа келу талабын тағы да елемегенін атап өтті.
Прокурор Сырдаш Зихруллаев соттан Максим Яковченкоға іздеу салуды және оған қатысты бұлтартпау шарасын «қамауға алу» деп өзгертуді сұрады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.