arasha.kz

Серікқали Брекешев экология министрі болды

 

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 

“Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын”, – делінген президент бұйрығында.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген. 

1995 ж. – Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультеті.   

1995-1997 жж. – «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист.

1997 ж. – Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор.   

1997-1998 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер.

1998-2006 жж. – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жж. – энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.  

2015-2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында  ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Exit mobile version