Сауда және интеграция министрі, премьер-министрдің орынбасары міндетін атқарушы Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін кулуарда шайды қантсыз ішетінін айтты.
Оның айтуынша, қант саласын дамыту үшін өз өндірісімізді дамытуымыз қажет.
«Кезінде мен советтік армияда борышымды өтедім, ол жерде қант бермейтін. Мен шайды қантсыз, бірақ тосап қосып ішемін»,-деді министр.
Министрдің сөзінше, Қазақстанды қантпен қамтамасыз ету үшін зауыт жеткілікті, алайда шикізат жетіспейді. Сол себепті кәсіпорындарға шикізат жеткізушілермен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасуға жағдай жасау қажет. Сонымен қатар ол ведомство қантты жеткізудің жаңа бағыттарын іздестірумен шұғыл айналысып жатқанын жеткізді.
Айта кетсек, 15 тамызда президент Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты жұмыстан босатқан еді. 14 тамызда оған қант тапшылығына байланысты қатаң сөгіс берілген.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024