17-09-19 |
1290 рет қаралған
Шамалғандағы апат: Ішкі Істер министрі түсініктеме берді.
Шамалғандағы апат: Ішкі Істер министрі түсініктеме берді

Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шамалғанда болған қайғылы жағдайдан зардап шеккендердің хал-ахуалы туралы үкімет кулуарында айтты. 

«Зардап шеккен әйел мен екі бала әлі ауруханада жатыр. Балалардың жағдайы ауыр, дәрігерлер аман алып қалу үшін барын салып жатыр», – деді Тұрғымбаев.

Министрдің сөзінше, аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр, 5-6 сараптама белгіленген.

Еске салайық, 15 қыркүйекте Алматы-Шамалған теміржол өткелі мен тас жол қиылысында көлік кептелісінде тұрған рейстік автобусты «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы соғып өткен. Таратылған мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі қаза тауып, екі баласы мен 33 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.