Шамалғандағы теміржол өткелінде пойыз бен автобус қақтығысып, екі кішкентай қыз анасымен комаға түскен еді, солардың бірі есін жиды. Бұл туралы Алматы денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
-«Бес жастағы жеткіншек есін жиды. Өкпеге дем беретін құрылғы алынып тасталды. Ары қаратай емдеу үшін профильді бөлімге ауыстырылды. Жағдайы ауыр, тұрақты динамикада», – дейді ведомствода.
Ал оның үш жастағы сіңлісінің жағдайы өте ауыр, нашарлау байқалмайды деп отыр басқарма.
19 қыркүйекте апаттан ауыр жарақат алған бұл екі қызды Шамалғаннан Алматы қаласындағы балалар жедел жәрдем орталығына жеткізген. Ал аналарын Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына апарған.
Еске салсақ, 15 қыркүйекте Алматы-Қаскелең бағытында жүретін қоғамдық автобус темір жол бойында көлік кептелісінде тұрғанда Алматыдан Қостанайға бағыт алған пойызбен соқтығысып, автобус жүргізушісі қаза тауып, 3 және 5 жастағы екі бала және олардың анасы ауыр жарақат алған еді.