Қостанай облысындағы «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған пункттерін айналып өтпек болған қарулы адамдар ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара мобилизациядан қашпақ болғандарымен түсіндірген.
Қазір қолға түскен азаматтардан жауап алынып жатыр, кейін олар ресейлік тарапқа берілмек.
Қазір еліміздің шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында күзет пен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.
Ұсталған адамдардың келбетіне қарасаң, радикалды дін өкілдеріне келеді. Сақалдарын жіберген, түрлері сұсты. Оған қоса әскери балта, қанжар сияқты суық қарулары болған. Басқа қаруларын жасырып үлгерген болуы әбден мүмкін.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024