Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жанындағы серігін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Екі полицей түннің бір уағында Нива көлігімен патрульде жүріп, жол бойындағы ағаштар арасына кіріп, көліктің ішінде ұйықтаған.
36 жастағы күдіктінің айтуынша, өзі рульде, әріптесі жанындағы орындықта отырып көз шырымдарын алған.
Айтуынша, таңғы төрттер шамасында рульде отырған полицей оянып, көлікпен жүріп кетеді. Біраз жол жүрген соң әріптесінің жоқ екенін білген. Ал, серігінің басы есікке қысылып, денесі далаға сүйретілген.
Облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, күдіктінің ұсталғанын айтты.
«10 қазанда патрульдік полиция инспекторының қайтыс болу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері 36 жастағы күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024