30-10-22 |
1470 рет қаралған
Шығыс Қазақстанда «тәртіпсіз» шенеуніктер жазаланды.
Шығыс Қазақстанда «тәртіпсіз» шенеуніктер жазаланды

Шығыс Қазақстан облысында тәртіптік теріс қылық көрсеткен әкімдер мен мекеме басшылары жазаланды. Бұл туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент басшысы Нұрлан Еркебаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қызметтік әдепті сақтамағаны үшін Семей қаласының Жер қатынастары бөлімінің басшысы, Жарма ауданы Шар қаласының әкімі, Самар ауданы Самар ауылдық округінің әкімі, Глубокое ауданы Малоубинка ауылдық округінің әкімі, Ұлан ауданы Өскемен ауылдық округінің әкімі, Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы және осы мекеменің бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылған.

– Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін Аягөз ауданы әкім аппаратының басшысы қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды. Өткен жылдың сәйкесті мерзімімен салыстырғанда әдеп жөніндегі кеңеспен қаралған тәртіптік істердің саны екі есе азайып отыр. Биылғы енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекет қызметшінің өз кінәсін мойындаған жағдайда әдеп кеңесінде қаралмай, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының ұсынымымен бірден тәртіптік жазаға ұсыныс енгізуге құқылы. Осы механизм негізінде екі лауазымды тұлға жазаға тартылды, – дейді ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент басшысы Нұрлан Еркебаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.