Желіде Шымкент қаласының медресесінде ұстаздар кәмелетке толмаған балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққаны жайлы видео тарады. Балалардың денесі көгерген, деп жазды Azattyq Ruhy.
«Құрметті азаматтар, тиісті мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері медресеге алып барып, оларды ұрған. «Хадистерді» білмеген үшін оларды ұрған», – дейді видеодағы азамат.
Видеодағы екі бала 9 және 7 жаста. Олар Шымкенттегі медресе үйде орналасқанын айтады.
«Үйде дін сабақтарын береді. Ұстаздың аты – Рүстем», – дейді олар.
Екі баланың арқасы тілінген, гематомалары бар.