arasha.kz

Шымкентте құрылыс орнында жұмысшы қаза тапты

Шымкентте құрылыс орнында жұмысшы көз жұмды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, сотқа дейінгі тергеп-тергеу жұмысы басталған.

«Аталған фактіні Қаратау ауданының Полиция басқармасы ҚК-тің 277-бабымен «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» СДТБТ-не тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастады», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Exit mobile version