Өскеменде тасқынның алдын алу шараларына 10 жылдың беделіндегі рекордтық сома бөлінді. Оған 60 миллион теңге бөлініп отыр.
Өткен көктемнің әлегі әлі күнге есте. 100 шақты үйді су басқаны белгілі. Тасыған судың кемерінен асып, жолдарды алып қалғаны және рас. Алдын ала мәлім болған ақпараттарда қалада 22 қауіпті аймақ бар екендігі айтылып жатыр.
– Күні бұрын кесіп-пішіп ештеңе дей алмаспыз. Десе де өткен істен сабақ алған жайымыз бар. Күзде арықтарды ашып, арналарды тазарттық. Алдағы маусымға 30 техника мен 50 жұмысшы сай тұр. Ал толық дайындықты ақпанның соңында аяқтаймыз, – деді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.
Дереккөз: Алтайньюс
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024