Маңғыстауда сот 5 күнге ұласқан жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуілін заңсыз деп тапты. Бұл туралы inbusiness.kz мәлімдеді.
Себебі Еңбек кодексінің талаптарына сай, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету станцияларындағы кез келген наразылық заң шеңберіне сыймайды.
Осылай деген Ақтау қалалық №2 сотының өкілдері «енді ереуілге шыққандар жұмысты жалғастыруы керек» деп отыр. Өткен жексенбіде фелдьшер және көлік жүргізушілер жалақыны өсіруді және үстеме ақыны қайта қосуды талап етіп, жұмысты тоқтатқан.
Салдарынан өңірде алғашқы медициналық көмек көрсету тұралап, жеке медицина ұйымдарының техникалары қолданылған.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024