arasha.kz

СҚО-да шенеуніктер бюджет ақшасын сыйақы қылып бөліп алды

Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері бюджеттің 60 миллион теңгесін өздеріне сыйақы қылып бөліп алған.

 

Тексеру комиссиясы аудандық аппараттағы заңбұзушылықтарды анықтады. Мемлекеттік қызметшілер жергілікті бюджетті өз бетінше игеріп, қыруар қаржыны сыйақыға жазып бөліп алған.

«Қызылжар облыстық экономика және қаржы басқармасы қызметкерлеріне 60,6 млн теңге көлемінде негізсіз сыйақы белгілеу фактісі анықталды», – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Талғат Кенжебаев.

Қазіргі уақытта экономика және қаржы бөліміне заң бұзушылықтарды жою туралы бұйрық жіберілді. Тексеру комиссиясының мүшесі сонымен қатар бөлім бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Тиісті материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

Exit mobile version