arasha.kz

Стадионды апатты деп тану үшін 5 миллион теңге пара сұраған

Нұр-Сұлтан стадионын апатты деп тану үшін 5 млн теңге пара сұраған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тағы бір пара алу дерегін анықтады.

«Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», – делінген агенттіктің сейсенбі күнгі хабарламасында.

Сонымен қоса күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайтыны айтылған.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Exit mobile version