arasha.kz

Суицидке итермелейтін басты себеп – жалғыздық

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша Қазақстанда, әсіресе, жастар арасындағы өлім-жітімнің ең көп тараған себептерінің бірі суицид болып отыр.

Суицид жасаушылардың жас мөлшері небәрі 15 пен 24 жас аралығын құрайды. Қазақстан үкіметі өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алудың су жаңа бағдарламасының іске қосылғанын жариялады, оның ішінде психикалық денсаулықты оқыту және қолдау көрсету желісі бар. Кәсіби көмек пен қолдау көрсету өз-өзіне қол жұмсау деңгейін төмендетуге көп көмектесетінін ескергеніміз жөн. Статистикаға сүйенер болсақ, жыл сайын әлемде миллионға жуық адам өзіне қол салады. Оның 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни сағат сайын 1 адам өмірімен қош айтысады.

Ерлерде суицид жиі кездеседі, бұл барлық жағдайлардың шамамен 75% құрайды. Дегенмен, әйелдердің өздеріне қол жұмсау бейімділігі де қалыс қалмайсыны сөзсіз. Әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауы көбінесе депрессия, алаңдаушылық, қорқыныш сияқты психикалық ауытқулармен байланысты. Ер адамдарда керісінше, психикалық проблемалармен емес, көбінесе жұмысынан айырылу, ажырасу, есірткі немесе алкогольдік мас болу сияқты әлеуметтік факторлармен байланысты. Асылып қалу немесе қару қолдану сияқты өлімге әкелетін әдістерді таңдайды.

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу үшін психикалық ауруларды емдеп, сондай-ақ өлімге әкелетін әдістердің қолжетімділігін азайту арқылы көмек қолын соза аламыз. Мәселен, қаруларды еркін сатуға тыйым салу. Денсаулық сақтау ұйымдары депрессия және басқа да психикалық бұзылулардың белгілері туралы хабардар ету науқандарын жүргізу арқылы қалай кқмектесуге болатынын үйрете алады. Сондай-ақ, әсіресе балалар мен жасөспірімдерде оқшаулану, жалғыздық, экономикалық қиындықтар мен жарақаттар сияқты әлеуметтік қауіп факторларын азайту маңызды.

Аружан Жұмағат

Exit mobile version