26-04-23 |
1680 рет қаралған
Тілді күштемей үйретудің тәсілдері көп – маман.
Тілді күштемей үйретудің тәсілдері көп – маман

Қазақ халқы сөз қадірін білген ел. Путин мырзаға рақмет, мобилизацияның арқасында қазақ халқының патриоттығы артып, мәдени құндылығын, яғни өз тілін жиі қолдана бастады. Өз тілінде шыққан сөз, халықтың тұғырығы биік, егемендігі баянды екенін көрсетеді. Бірақ соңғы уақытта жастар өзге тілде сөйлеп, ана тілін ұмытып бара жатқаны айдан анық. Осы тақырып төңірегінде «КАЗГЮУ» университетінің қазақ тілі оқытушысы Ақерке Салимовамен сұхбаттасқан едік.

Ақерке ханым, сіздің пікіріңізше еліміздегі қазақ тілінің беделін көтеру үшін не істеу керек?

– Ана тіліміздің беделін көтеру үшін әр адам әуелі өзінен бастау керек деп ойлаймын. Сосын бұл кішкене біртүрлі сұрақ, себебі Қазақстан мемлекетінің негізгі тілі қазақ тілі болғаннан кейін, оның беделі онсызда жоғары. Бірақ қазіргі таңда қазақ тілі өзге ұлт өкілдеріне немесе қазақ тілін түсінбейтін, сөйлей алмайтын жандар үшін кішкене қиындау. Сондықтан оларға мүмкін тұжырымдама жағынан немесе оқытып, көмектесетін әртүрлі орталықтар ашу керек шығар, мүмкін оны басқаша қазақ тілін қоғамға жеткізіп, насихаттау керек шығар. Яғни, күштеп емес, қазақ тілін қинап, мысалғы сен Қазақстанда тұрғаннан кейін қазақ тілін білуге міндеттісің деген сияқты лозунгпен емес керісінше қазақ тіліне қызықтырып, тарта білуге болады. Меніңше, қазіргі таңда бұны әншілеріміз, әртістеріміз жақсы қолға алған, үйткені олардың әртүрлі жобалары осы қазақ тілін былайша айтқанда насихаттайды, қинамай жай ғана насихаттайды.

Сіз өзіңіз оқытушы болғаннан кейін, мемлекеттік тілді білмейтін студенттер кездесті ме?

– Иә, әрине мен қазақ тілінен сабақ берген кезде әртүрлі деңгей бойынша оқыттым, А1 бастап жоғары С1 деңгейіне дейін, мемлекеттік тілді білмейтін студенттер бар. Бірақ ол меніңше сондай бір кемшілік немесе қауіп емес, ең бастысы олардың сол тілді үйренемін деген талпынысы мен міндеттері. Үйткені мен оларға қазақ тілін үйреткен кезде бірден айтамын, менің жанағы ұстанатын ұстанымым мен студенттерді қинамаймын, қажет етпесеңіздер, оқымаймын десеңіздер өз еріктеріңізде деймін де оларға қазақ тілін қызықты етіп беру үшін әртүрлі тапсырмалар беремін, қызықтырамын, фильм бірге көреміз, клип бірге көреміз. Сол арқылы мен оларды жай ғана қызықтырамын, егер әрі қарай қызықса, студент өзі оқиды.

Ал, сіздің тәжірибеңізден студенттердің жиі кездесетін қателіктері қандай болды?

– Студенттердің жиі кездесетін қателіктері өте көп. Грамматикадан бастап, сөздік қордың қолдануына дейін, бірақ меніңше бұл сондай бір үлкен проблема емес. Қазақ тілінің өзінің спецификасы бар, мысалғы агглюнативті тіл сондықтан біз барлығын жалғауларға негіздейміз, сол жалғауларды мықтап, егер негізін қалап берсе әрі қарай, ендеше алып кету оңай болады.

РS.
Егер қазақ халқы ана тілді насихаттамай, өзге тілмен сөйлесе бұл – тартымды түнектің бірі болар еді. Қазіргі қоғамда жүйрік желдей таралатын әлеуметтік желілер бар, соның арқасында түрлі онлайн мектеп немесе онлайн курстар көбірек болса, тіліміз өркендеп, дами береді. Туған тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мәртебесін көтерейік. Себебі ол бабалар аманаты, оны көркейту біздің басты парызымыз.

Сұхбаттасқан Ажаржан Жарасқызы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.