arasha.kz

Таразда сәбилерді саудалады деген күдікпен екі медицина қызметкері ұсталды

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, қала аумағында жүргізілген жедел-іздестіру барысында жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады.

Аталған факті бойынша 2023 жылғы 12 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды.

«Бұл тұлғалар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі қалалық прокуратураның бақылауында», – деді Тараз қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Exit mobile version