17-08-22 |
1240 рет қаралған
Таубаевтың апелляциялық соты: залда түсірілім болмайды.
Таубаевтың апелляциялық соты: залда түсірілім болмайды

15 тамызда Нұрлан Таубаевтың апелляциялық шағымы бойынша сот процесі жалғасты. Сот алқасы Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчевтің тергеу сотының 2020 жылғы 16 маусымдағы жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысын, техникалық құралдар журналын, ЖІШЖ (жедел-іздестіру шаралары жүйесі) жүргізу туралы қаулыны тіркеу журналын талап еткен өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

«АқЖайық» басылмының мәліметінше, алқа төрағасы Раиса Аққұлова бұл мән-жайлардың бірінші сатыдағы сотта зерттеу нысанасы болып, оларға құқықтық баға берілген деп түсіндірді.

Бұрын ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының орынбасары болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Ақтөбе облысы бойынша басшысы Нұрлан Шабдар мен ТШО бас директорын куәгер ретінде шақыру туралы Таубаевтың өтініші қанағаттандырылмады. Таубаевтың тағы бір адвокаты Нұртас Аманбаев Атырау облысы әкімдігінен Ақжар және «Мақат» кәріз суларын тазалау құрылғысы нысандарының құрылысына қатысты құжаттарды сұратып алдыру туралы өтінішхат берді. Сот оны қанағаттандырудан бас тартты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.