14-10-22 |
1050 рет қаралған
Тәжікстан Президенті Путинге өкпесін айтты.
Тәжікстан Президенті Путинге өкпесін айтты

Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Ресей» саммитінде сөз сөйлеген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресейліктерге өкпелі екенін жеткізді.

Эмомали Рахмон Тәжікстан елінде орыс тілінің мәртебесі жоғары екенін және тәжік азаматтардың Ресей жеріне жиі баратындығын айтты. Алайда Тәжікістанның тиісті деңгейде құрметке ие еместігін мәлімдеді, деп жазды Азаттық рухы.

«Бизнес форум өткізген кезде біз сіздердің министріңізді шақыра алмадық. Форумды министрдің орынбасары қатысатын деңгейде бағалады. Бізде 2,5 млн бала орысша оқиды, бізде орыс тілі балабақшадан оқытылады. Әскери базамыз бар. Иә, біз халық саны аз мемлекетпіз. Десе де бізге сыйластық танытқанды қалаймыз. Біз кедей емеспіз, біз бай мемлекетпіз. Минералды ресурстардың қоры Менделеевтің кестесінен де асып түседі. Ресейді газ бен мұнай ғана қызықтырады. Бізде әскерилерге арналған стратегиялық шикізат та бар. Ол әлемнің өзге елінде жоқ. Бірақ ешкім қызығушылық танытпайды. Біз жиналған екенбіз, ендеше жағдай жасайық. Біздің ел қай жерде қандай қателік жіберді? Біз әрдайым өзіміздің стратегиялық әріптесімізді сыйлаймыз. Тиісінше бізді де сыйлағанын қалаймыз», – деді Эмомали Рахмон.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.