Президент Қ.Тоқаев оралман сөзін қандас деген сөзбен алмастырып, оралмандарды қандас деп атауды ұсынды. Мұндай ұсынысын ол твиттерде жазды.
Как я говорил ранее, надо отказаться от слова Оралман в отношении вернувшихся на историческую родину казахов в пользу термина Қандас. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) September 19, 2019
Бұған дейін оралмандарды бауырлас деп атау ұсынылып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Оралман сөзін ауыстырудың қандай қажеттілігі, өзектілігі барын бастама көтеріп, ұсыныс айтушылар нақтыламайды. Бұл қоға назарын басқа жаққа аударудың амалы болуы да ықтимал. Өйткені оралман сөзін өзге атаумен ауыстыру күйіп тұрған өзекті мәселе емес екені баршаға мәлім.