arasha.kz

Тон сатып алу арқылы сіз жануарлардың өліміне себепкер боласыз

Шынайы теріден жасалған тон зиян ба? Бәлкім бұл сұрақты естіген адам бірден “жоқ, несі зиян” деуі мүмкін, себебі тон адамға тек жақсы көңіл-күй мен “жылулық” қана сыйлайды. Шынында да, несі зиян? Зияны әлдеқайда көп, бірақ біз қазір адам туралы айтып тұрған жоқпыз.

Мүмкін ерте ғасырдағы адамдар жылыну мақсатында мамонт, бизон сынды алып жануарларды өлтіру арқылы өздеріне тон жасаумен айналысқан болар. Себебі оларда басқа мүмкіндік болмады. Бірақ бүгінде, сатылымда неше түрлі жасанды жүннен жасалған сырт киім тұрғанда, нағыз азаппен өлген жануардың терісін сыпырып алу арқылы жасалған тонды киюге не себеп? Әрине сән, мақтаныш, тренд…

Қала тұрғындарының арасында өткізілген блиц-сауалнаманың нәтижесінде, әртүрлі жастағы адамнан сұхбат алынды. Орта жастағы адамдар “Жануарларға жаным ашыса да, бұл сән, сол себептен тон киюге еш қарсылығым жоқ, бұл заман талабы” деп жауап берді. Ал 17-20 жас аралығындағы жастар керісінше, шынайы теріден жасалған тон киюді күнә санап, экотеріге өтуге кеңес берді. Осы тұрғыда бұл тақырыпқа қатысты әркімнің пікірі әртүрлі дей аламыз.

Ойыңызға бір тон мен бір күзенді елестетіңіз. Тіпті объективті түрде бір тонға ондаған күзен кететіні айдан анық. Тонды тек күзеннен ғана емес, басқа да кеміргіштерден жасайды. Мысалға, бір тон үшін 18 құндыз, 100-250 тиін, 55 күзен, 27 жанат, 170 шиншилла, 60 сусар, 18 түлкіні қинап өлтіріп, өңдеуден өткізіп, жаңа тон жасап шығарады.

Бірақ, тон өндірудің экологияға, яғни қоршаған ортаға тигізер зияны аз емес. Жыл сайын қоршаған ортаға 1000т-дан астам фосфор қалдықтары тасталады. Бұл ауаның, судың және қоршаған ортаның ластануына тікелей себепші болады.

Жұмсақ жерге негізделген нәзік аяқтар фабрикалардағы торларда тұрып кесіледі. Бүгінде осындай теріден жасалған тонға сұраныс барда, бұл қатігез бизнестің түрі ешқашан жойылмайды.

Анель Мұхат

Exit mobile version