Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медициналық жабдықтардың жеткіліксіз екенін айтып, үкіметке мәселені шешуге тапсырды.
«Бізде денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесі болуы мүмкін. Үкіметке және облыс әкімдеріне жан сақтау бөлімін жабдықтауға және бас дәрігерлер мен аймақ әкімдерінің жауапкершілігін күшейтуге тапсырма бердім», – дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысы дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды жеткізу мәселесіне тоқталды. Оған қоса, жұмыс дұрыс жүргізілмесе, «СК-Фармация» басшылығы жұмыстан шығарылатынын айтты.
«Бұл ретте дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтардың тапшылығы тіркелуде. Орташа алғанда, қарқынды терапия бөлімшелері 64% -ға ғана жабдықталған. Кейбір аймақтарда жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы және сапасының төмендігі байқалуда. Біз «СК-Фармация» компаниясының басшылығын өзгерттік. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәті келді. Әйтпесе, басшылық жұмыстан босатылатын болады», – дейді мемлекет басшысы.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024