13-09-22 |
1330 рет қаралған
Тоқаев елорда атауын өзгертуге келісті.
Тоқаев елорда атауын өзгертуге келісті

Қазақстан астанасының атауын өзгерту жөніндегі Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан желдібай жазды.

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді», – деп жазды ол.

Сонымен қатар ол Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайтынын, сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуын қолдайтынын жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.