arasha.kz

Тоқаев үндеуі: қажеттілік туып жатса төтенше жағдай уақыты созылады

Фото:aqorda.kz

Фото:aqorda.kz

Бүгін Қазақстан президенті Қасым -Жомарт Тоқаев жаңадан шыққан коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жариялады. Үндеуде мемлекет басшысы бүгіннен бастап елде карантин жарияланғанын, ол 30 күнге созылатынын айтты. Ол қажеттілік туып жатса төтенше жағдай уақыты созылатынын да айтты.

«Режим чрезвычайного положения действует с 8 часов утра 16 марта 2020 года и продлится 30 суток. В случае необходимости действие режима может быть продлено», -деп айтты президент.

Президент енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы керек екенін де еске салып, елді сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Карантин талаптарын сақтамау жауапкершілікке тартыладытынын да ескертті. Және де дүрбелең тудыратындар жауапқа тартылады деді.

Сонымен қатар Тоқаев төтенше жағдайға байланысты елде тауарлардың негізсіз  қымбаттауына жол берілмейтінін айтты.

«Қаражат бар. Азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аударғым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын қымбаттатуға жол берілмейді», -деді президент Тоқаев.

Exit mobile version