Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады, деп жазды Elorda.info.
Еске салсақ, Рим Папасы «Қазақстан» концерт залында алыс жолдан келгеніне қарамастан елімізге ыстық ықыласын жеткізіп, қазақтың қасиетті домбырасы туралы айтқан еді.
«Бұл – батырлардың жері, бұл – ойшылдардың жері, бұл – суретшілердің, өнер адамдарының жері. Бұл жер мәдениетке толы және мұнда қайғылы оқиғалар да болған. Қазақ халқы басқа түскен қаншама қиындықтарға мойыған жоқ, асқан қайсарлықпен төтеп берді», – деді Рим Папасы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайынан зор құрметпен шығарып салды.