10-12-21 |
1860 рет қаралған
Тоқаев зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін ұзартуды тапсырды.
Тоқаев зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін ұзартуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

«Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты», – делінген президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жариялаған ақпаратта.

Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету.

«Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды», – деп жазды Уәли.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.