Әлеуметтік желіде белгілі әнші Төреғали Төреәлінің Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Осы жайтқа қатысты қазір Алматы облысы Кеген ауданының полициясы тексерісті жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, ҚР қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалған, деп жазды Azattyq Ruhy.
Мұны Алматы облысының Полиция департаменті растады.
«Төреғали Төреәлінің үстінен ҚР ҚК 293 бабы қозғалып отыр»,-делінген хабарламада.
Мұндай оғаш қылық жасағандардың қалай жазаланаты ҚР қылмыстық кодексінде былай деп көрсетілген:
«Екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады»,-делінген кодексте.
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024