13-01-23 |
1130 рет қаралған
Тұрғындар Назарбаев атындағы көшелерді өзгертуді көтеріп жатыр – депутат.
Тұрғындар Назарбаев атындағы көшелерді өзгертуді көтеріп жатыр – депутат

Өңірлерде Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген үлкен даңғылдардың атауын өзгерту мәселесін жергілікті деңгейде шешу керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты.

Депутат өңірлерге барғанда тұрғындар бұрынғы президенттің атындағы көшелерді өзгертуді талап етіп, үнемі көтеретінін айтты. Еліміздің көптеген облысында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер көп екен.

«Менің ойымша, бұл мәселені жергілікті деңгейде шешу керек. Көшенің атын ауыстыру үшін мәслихат шешім қабылдауы тиіс. Жалпы, тұрғындар бұл мәселеге қатысты өздерінің ұсыныстарын айтып жатыр», – деді Е.Саиров Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Парламенттің Елбасы туралы құжаттың күшін жоюға бағытталған Конституциялық заңды қабылдауы қоғам талабы бойынша іске асырылғанын айтты.

Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.