Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын, – делінген жарлық мәтінінде.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда туған.
Білімі:
С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к.
Еңбек жолы:
ҚР премьер-министрі кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (03.2019 ж. бастап) қызметін атқарды.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024