25-01-23 |
1480 рет қаралған
Түркістан облысында 4 шенеунік пара алды деген күдікке ілінді.
Түркістан облысында 4 шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының 4 лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстар тізбегі бойынша күдікті.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, соттың санкциясымен басшының, оның орынбасарларының және бөлім бастығының үйінде, жұмыс орнында және қызметтік көлігінде тінту жұмыстары жүргізілген. Алайда не анықталғанын Түркістан облысының соты тергеу құпиясына байланысты нақтылап айтпаған.

«Түркістан облысы сотының рұқсатымен заңсыз әрекеттер фактісі бойынша Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларының үйлеріне, кеңселеріне және автокөліктеріне тінту жүргізілді. Қылмыстық іс Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бақылауында. Тінту жұмыстары Түркістанда Ж.М, Н.Н, Б.Д.-ның пәтерлеріне жүргізілді. Сонымен бірге Түркістан облысы әкімдігінде Н, Н., А, Б., А. Д. кабинеттерінде тінту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Н.Н-тың «Ниссан Альмера» қызметтік автокөлігінде, Б.Д.-ның Toyota Camry қызметтік автокөлігінде тексеру жүргізілді», – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Қазір бұл істер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.