arasha.kz

Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды

Түркияда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр.

Сайлауда қазіргі мемлекет басшысы, биліктегі Әділет және даму партиясының негізін қалаушы және жетекшісі Режеп Тайып Ердоған мен Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароглу президенттікке таласуда.

Сайлаудың бірінші турында Ердоған – 49,52% дауыс, Кемал Кылычдароглу – 44,88% дауыс жинаған еді.

Үміткерлердің ешқайсысы қажетті 50% + бір дауыс жинай алмағандықтан екінші турды өткізуге себеп болды.

Exit mobile version