ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында түркітілді елдердің Парламенттік ассамблеясының атынан сайлау науқанына қатысқан бақылаушылардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Сарапшылар Алматы қаласының сайлау учаскелерінде бақылау жүргізді. Түркі елдерінің өкілдері Алматыда сайлау барысы жоғары деңгейде, тыныш, бірқалыпты өткенін атап өтті.
«Біз Алматыда болдық, іс-сапарлар жасап, түрлі партиялардың өкілдерімен сөйлестік. Сайлау комиссияларының жұмысына ерекше назар аударылды. Осы уақыт ішінде біз сайлау барысын бақылай отырып, ашықтық пен кәсібилікті көрдік. Біз ешқандай проблема таппадық», – деді Түркия Ұлы Ұлттық жиналысы Бас ассамблеясының депутаты Ибрахим Айдемир.
Түркиялық делегация сайлау учаскесіне келу барысын да қадағалады, және олар азаматтардың белсенділігін байқаған. Сонымен бірге, олар егде жастағы адамдар мен мүмкіндіктері шектеулі, ерекше қажеттіліктері бар жандардың дауыс беруі үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанын айтты.
Сондай-ақ, спикер оларға қала орталығындағы сайлау учаскелерінің бірінде анасымен бірге дауыс беру кабинасына кіруге рұқсат етілмей, сол үшін жылап қалған кішкентай баланы жұбатуға тура келген қызықты жайтпен бөлісті.
«Осы оқиғаны толығырақ айтатын болсам, анасы дауыс беру үшін кабинаға кіріп кеткенде, кішкентай баласы сыртында қалып қойып. Жылап жіберді. Біз шын мәнінде баланың қылығына сүйсіндік, анасынан қалып қойған баланы жұбатып, көңілін ауладық», – деді ол.
Сарапшының айтуынша, дауыс беру барысы ашық әрі шынайы өтті. Олар сондай-ақ, кейбір сайлау учаскелерінің Наурыз мерекесін мерекелеуге дайындалғанын атап өтті, мұндай жағдайлар да бақылаушылар назарын аудармай қоймаған.
Брифинг соңына таман делегация өкілдері алматылықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстанның өркендей беруін тіледі.
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024