19-01-23 |
1110 рет қаралған
Түрмедегі адамды зорлаған колония қызметкері 10 жылға сотталды.
Түрмедегі адамды зорлаған колония қызметкері 10 жылға сотталды

Алматы облысында колония қызметкері түрмеде отырған адамды зорлағаны үшін 10 жылға сотталды.

Алматы облысының Іле аудандық соты «ЛА – 155/4» мекемесі (Қазіргі 10 мекеме) бастығының кезекші көмекшісіне қатысты сотталған адамды қызметтік жағдайын пайдалана отырып зорлады, сондай-ақ лауазымды адам жасаған психикалық азапты қасақана келтірді деп айыпталушыға қатысты үкім шығарды.

Іс материалдары бойынша бұл 2021 жылдың 10 маусымында болған. Колонияның Б. есімді қызметкері жұмыс барысында өзінің қызметтік өкілеттігі мен лауазымдық жағдайын пайдаланып, сотталған адамды зорлады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудағы Б. кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сот талқылауы барысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен, оның ішінде сот-биологиялық және сот молекулалық-генетикалық сараптамасының қорытындысымен расталды», – делінген Іле аудандық сотының үкімінде.

Сот үкім шығарған кезде оның алты жас баласы болуы сияқты жеңілдететін жағдайларды қарастырды.

«Сот Б.сотталушыны ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК-нің 146-бабының 1-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, сол сияқты 3 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып тағайындады. ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып және арнаулы атағынан айыра отырып, 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза түпкілікті айқындалды», – деп хабарлады Іле аудандық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.