arasha.kz

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air-ді сотқа берді

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air-ді сотқа берді деп хабарлайды Сауда және Интеграция министрлігіне қарасты Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Комитетке  20 адам құқықтарының бұзылғаны туралы арызданған. Олар 444 мың 434 теңгеге билеттер сатып алған.

«2020 жылы 31 қаңтарда ҚР Сауда және Интеграция министрлігінің Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қалалық сотына Bek Air компаниясының қызмет көрсетуіне қатысты тұтынушылар құқығының бұзылғаны туралы шағым түсірді. Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің шағымында Bek Air компаниясы өздерінен сатып алынған билеттердің ақшасын қайтармағанын, сондай-ақ ақшасы төленген қызметті көрсетпегендерін (әуе компания рейстері тоқтатылды), осылайша тұтынушылардың құқықтары бұзылғаны көрсетілген»деліген комитет хабарламасында.

Ал Bek Air компаниясының басшысы оператордың сертификаты қалпына келтіріліп, сату жүйесі іске қосылған кезде сатып алынған билеттердің ақшасы қайтарлатынын мәлімдеген.

Еске салсақ өткен жылдың аяғында, яғни 27 желтоқсанда Алматы әуежайынан аттанған Bek Air ұшағы опат болып, 12 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Exit mobile version