arasha.kz

Уханьда 10 күнде салынған аурухана қолданысқа берілді

Қытайдағы Ухань қаласында короновирусқа шалдыққандарға арналған аурухана қолданысқа берілді.

Аурухана құрылысы 23 қаңтарда басталған еді. Бүгін, 2 ақпанда аурухананың бірінші корпусы өз есігін ашып отыр.

Бұл жерде 1,4 мың медицина қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Ал 1,3 мың кісілік корпусты төрт күннен кейін, яғни 6 ақпанда пайдалануға береді.

Қытайдың денсаулық бойынша ұлттық комиссиясының мәліметтеріне сүйенсек, 2 ақпанға қараған таңда 14 380 адам 2019-nCoV вирусына шалдыққан. 305 адам аурудың асқынуынан қайтыс болды.

 

 

 

Exit mobile version